Жүргізушілерге ескерту! LIVE

Қардың түскенін күтпей-ақ, көлік дөңгелектерін қысқы маусымға сай ауыстыру керек.

Өйткені жауын-шашыннан кейін асфальт бетінде қалатын су мен ылғал ауа температурасы төмендеген кезде жолды бірден көктайғаққа айналдырады, дейді мамандар.

Осыған байланысты елордалық тәртіп сақшылары көлік дөңгелектерін ауыстыратын орталықтарды аралап, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастап кетті.