Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжады.

Батыс пен орталықта қарлы боран болады. Солтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Елдің басым бөлігінде көктайғақ болып, қалың тұман түседі. Осыған байланысты Қазавтожол Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 5 республикалық жол учаскелерінде көлік қозғалысын шектеді.