Астанада көктайғақ салдарынан 48 адам жарақат алды

Астанадағы көктайғаққа байланысты Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының пунктіне сағат 13:00-ге дейін 53 адам медициналық көмек сұрап келген.

Оның 48-і далада тайып құлап, жарақат алғандар. Дәрігер көмегіне жүгінгендердің дені 30 бен 45 жас аралығындағы тұрғындар. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты мамандар көшеде жүргенде абай болуға шақырады. Егер қажеттілік туындамаса үйден шықпаған абзал.