Солтүстік облыстарда 42 градусқа дейін аяз болады

Еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытты.

Солтүстік өңірлерде 42 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Солтүстік-батыста 28-38 градусқа, батыс аймақтарда 10-20 градусқа, елдің орталық және шығыс бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде минус 5-13 градус шамасында болады.