Елімізде жаңа әуе компаниясы ашылуы мүмкін

Елімізде қалааралық бағытта жолаушылар тасымалдайтын жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін.

Ол туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ішкі тасымал қызметі үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы әуе компанияларының бірі таңдалмақ. «Қазір тасымалдаушылармен келіссөз жүргізіліп жатыр», - деді ол. Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жалпы саны төрт әуе компаниясы бар. Енді бесіншісі нарыққа шетелден келмек. Айта кетейік, жақында Air Asia лоукостері Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан Алматыға жолаушы тасымалдайтыны белгілі болған еді.

Талғат Ластаев, ҚР Көлік министрінің орынбасары:
- Келіссөздер күрделі процесс екенін білесіздер. Халықаралық мамандар тарапынан  біздің әуе тасымалы нарығымызға деген қызығушылықтары бар. Келіссөздер жылдам аяқталады деген үміттеміз.