Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады.

Ақмола облысында күндіз ауа температурасы -28 градусқа дейін суық болады. Қостанайда сынап бағанасы -25, -30 градусқа дейін төмендейді.  Павлодарда да термомерт -25 -30,  кей жерлерде -35 градусты көрсетеді. «Ал Солтүстік Қазақстан облысында -30, -35 градус шамасында болмақ», - дейді синоптиктер. Еліміздің оңтүстігі, шығысында қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда боран соғуы мүмкін.