Риддер тұрғындары тоңып отыр

Риддер тұрғындары да: «Пәтерімізде тоңып отырмыз», - деп шағымданып жатыр. Айтуыларынша, үйлер аяқасты суып кеткен.

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, кеше күндіз электр желісінде қысқа тұйықталу болған. Салдарынан  2-ші қазандыққа көмір беретін құрылғы жұмысынан ақау шыққан. Алайда автоматты жүйе іске қосылып, агрегат отынды ретінде көмірді емес, мазутты қолдануға ауысқан. Осы сәтте температура төмендеп кеткен. Тек екі сағат өткен соң, қазандық қайтадан көмір қолдануға ауысты. Алайда пәтерлер біршама суып үлгеріпті. Жергілік әкімдікпен жаңа ғана сұрадық, қазандық қалыпты жұмысқа көшті, жылу орталығы толыққанды жұмыс істеп тұр деп хабарлады.

Айта кетейік, мұнда жаз бойы жөндеу жүргізілді. Бұл шаруға 8.5 миллиард теңге бөлінді. Тозығы жетіп тұрған станцияда бірнеше ірі жабдықтар ауыстырылған болатын.

Аймақта қатты аяз, бірнеше күн болды. Кеше кешке дизельді отынмен жүретін көліктер үшін бірнеше бағыттағы жол жабылып, бүгін ғана ашылды.27-30 градус шамасында аяз болды. Бүгін таңда да сынап бағанасы 28 градус көрсетіп, бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқып жатыр.Тек Өскемен ғана емес, Қатонқарағай, Күршім, Глубкое, Алтай аудандарының балалары да осылай оқып жатыр.

Авторы: Эльмира Ахметова