Ақтөбе облысындағы 47 ауылға сапалы мобильді интернет тартылады

Ақтөбе облысындағы 47 ауылға сапалы мобильді интернет тартылады

Келер жылы Ақтөбе облысындағы 47 ауылға сапалы мобильді интернет тартылады.

Мұны аймақ басшысы айтты. Асхат Шахаровтың сөзінше, бұл мәселе әсіресе өзекті. Қазір өңірдегі 315 ауылдың 200-ден астамы интернетпен қамтамасыз етілген. 37 елді мекен мектептерінің оқушылары ғаламторға қосылу игілігін көріп отыр. Алдағы жылы оқушылар жылдамдығы жоғары желілерге қол жеткізеді.

Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:

- Алдағы жылы 47 ауылға мобильді интернет жүргізу жоспарда. Бұдан бөлек 15 ауыл мектебі интернетке спутник арқылы және 22-сі тұрақсыз радиореле желісі арқылы қосылған. Аталған мектептерде жылдамдығы енді төмен. Осыған орай аталған 37 мектепті келер жылы жылдамдығы жоғары желілерге қосу арқылы шешетін боламыз.