Абай облысында 9 мыңға жуық балаға мектепте орын жетіспейді

Түйткілді мәселені шешу үшін өңірде 5700 орындық 11 мектеп салу жоспарланған.

Оның алтауы қалада, бесеуі ауылда тұрғызылады. Қазіргі уақытта аймақта 5 білім ордасының құрылысы басталды. Өңірдегі Аягөз қаласында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп бой көтеруде. Бұдан бөлек аудан орталығындағы 4 мектептің жанынан 300 орындық жапсарлас ғимарат салынады.

Нұрғали Әзімбаев, Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Ақтоғай кенті бойынша тағы да бір жайлы 300 орындық мектеп салыну жоспарлануда. Осы 6 мектеп салынатын болса, жалпы  аудандағы екі ауысымдық мектептердің орын тапшылығын жоюға мүмкіншілік береді. Бүгінде қалада 12 мектеп бар. 12 мектептің барлығы толық екі ауысыммен жұмыс жасап отыр. Қосымша білім беру мен қосымша дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік болмай тұр.