Ақтауда 120-дан аса тұрғын көктайғақтан зардап шекті

Соңғы үш тәулікте облыстық аурухананың қабылдау бөліміне осынша адам келіп түскен.

Соның 12-сіне шұғыл ота жасалды. Қазір науқастар нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, көктайғақта құлап жарақат алғандардың дені әйелдер. Науқастардың арасында қол-аяғы сынған жеткіншектер де бар.

Бердібек Қаныхан, облыстық аурухананың травматолог-дәрігері:

- Келген науқастардың 60 пайыздан көбі әйелдер десек те болады. Оның ішінде 40-тан жоғары кісілер. Білезік, қолының жарақаты, тобықтың жарақаты, сондай-ақ тізе-буын жарақатымен келіп жатыр. Науқастарға айтарымыз - қар жауғанда жарақат алған кезде бірден ауруханаға келіп, алғашқы көмек алуға тырысу керек. Өйткені, көбісі сынықшыға барып жүріп қалады. Уақыт өткізбей тез қаралуы сұралады.