Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде бүгін қар жауады.

Синоптиктер 13 өңірде ескерту жариялады. Еліміздің батысы, солтүстігі, шығысы мен оңтүстіктің кей бөлігінде боран соғады. Ал Қызылорда, Атырау, Маңғыстау мен Жамбыл облыстарында көктайғақ болады. Қалың қарға байланысты Алматы өңірінің таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Семей, Өскемен, Риддерде де күн райы қолайсыз. Ал бас шаһарда қар жауады.