Елде білім саласын қаржыландыру көлемі артты

Сенаторлар биыл білім саласын жетілдіруге қатысты 4 заңды қабылдады.

Парламентшілер елдегі орта және жоғары білім деңгейін арттыру мақсатында заңнамалық жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Биыл республикада 165 мектеп салу жоспарланса, соның 96-сы пайдалануға берілді. Бұлардың барлығы ескі типтен арылған жаңа, жайлы сипаттағы білім ошақтары. Қаржы республикалық бюджет есебінен, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, кәсіпкерлік тарапынан тартылып отыр. Сондай-ақ, шетелден қайтарылған қаражаттың бір бөлігі «Білім саласын қолдау қоры» арқылы бірқатар мектептің құрылысы қаржыландыруға бағытталды.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті қарастырған кезде әлеуметтік салаға 40 проценттен аса бөлініп жатыр соның ішіндегі үлкен үлесі бұл білім беру саласы. Сонымен қатар бүгінгі таңда жаңа мектептердің құрылсысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Одан кейін оларды техникалық жарақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Содан кейін үлкен жұмыс өздеріңіз білесіздер мұғалімдердің мәртебесін көтеруге арнайы заң қабылданды. Яғни, білім саласындағы өзгерістер көпшіліктің көңілінен шығып жатыр деп ойлаймын.