«Қазақ тарихи қоғамы» құрылды

Бүгін Астанада бірлестік жұмысын бастағанын хабарлады.

Мақсат - тарих ғылымын дамытып, фейк және бұрмаланған дерекпен күресу. Жаңа құрылымға тарихшылар, көрнекті зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері, мықты деген сарапшылар мүше. Бірлестік өкілдері: «Біздің қызмет Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін сақтауға бағытталады» деді. Әрі ел тарихын объективті түрде зерттеу үшін өзге де ұйыммен байланыс орнатады. Осылайша «Қазақ тарихи қоғамы» ғалымдар мен тарихшылардың басын біріктіретін ең беделді сараптамалық ұйымға айналуды көздеп отыр. Сәтін салса, қоғамдық бірлестіктің аймақтарда бөлімшелері де ашылады.