Қарқаралыда шаңғы базасы ашыла ма?

Шаңғы базасын асқаралы Алатау, Бурабайдан бөлек, Қарқаралыдан да ашуға болады.

Арқаның алты ай қысы аймақтағы спортқа да, туризмге де тың серпін берер еді.

Кезінде бұл аумақта арнаулы спорттық инфрақұрылым болған. Тіпті талай мықты спортшы шыққан. Бірақ тоқырау жылдарында мамандар кетіп, бұл орын қараусыз қалды.

Жергілікті тұрғын Думан Бейсеналиев бұрынғы базаның жұмысын қайта жандандырғысы келеді. Қолдау болса, әйгілі ақын, копмозитор Мәди Бәпиұлы шырқатып әнге қосқан Қарқаралының бауырында бір сейілдеп қайту талай адамға арман болары анық.

Әріптесіміз Аслан Қаженов Қарқаралы ауданына арнайы барып, тауға шығып, өңірді барлап қайтты.