СҚО-да 17 сүт фермасы салынады

Солтүстік Қазақстан облысында келер жылы 17 заманауи тауарлы сүт фермасы салынады, деп хабарлайды 24KZ.

Жергілікті шаруалар алыс-жақын шетелден 10 мыңға жуық асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір инвестициялық жобалар іріктеліп, мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы бөліне бастады. «Бұл қайта өңдеу зауыттарын сапалы шикізатпен қамтып, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Сонымен қатар ауылдарда жүздеген жаңа жұмыс орны ашылады. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аймақта жыл басынан бері 630 мың тонна сүт өндірілді.  

Мейрам Меңдібаев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Соның 362 мың тоннасы біздің мынау сүт зауыттарына жіберілді. 196 мың тонна өнім шығарылды. Ол – 57, 2%. Бұл өнім біздің мынау Солтүстік Қазақстан облысы бойынша таратылды. Өңгесі бәрі мынау Қазақстан бойынша облыстарға.