БҚО-да биыл мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Батыс Қазақстан облысында биыл мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Өңірде жалпы құны 30 млрд теңге болатын 45 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Облыста бизнес те өркендеп, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың саны 58 мыңға жеткен.

Өңірде қосымша суармалы жерлерді пайдалануға беру, жем-шөп көлемін арттыру бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еділ суына тәуелділікті азайтуды көздейтін ұзындығы 178 шақырым болатын «Киров-Шежін» суландыру жүйесін жаңғыртудың соңғы кезеңі аяқталды. Бұл жобалар Жайық өзенінің сол жағалауындағы жайылымдық жерді ауыл шаруашылығына пайдалануға мүмкіндік береді.