Астанаға Аяз ата келді

Сыйлығы да мол болар! Аяз атаның жанында Ақшақар бар екен.

Дәл қазір келіп жеткен электр пойызында Аяз ата мен Ақшақар қызмет көрсетіп жүр екен. Ал мұндағы жолаушылар қандай әсерде екен. Сұрап көрейік.

БЛИЦ:

- Жақсы болды, бізді Аяз ата мен ақшақар құттықтады, балалар тақпақ айтты.

- Барлық жолаушының бабын тауып, сондай керемет келдік. Балапандарымызға сыйлық таратты. Мұндайды бірінші көріп отырмын. Өте қуаныштымыз, жаңа жылдан жаңа жылға аман-есен жете беріңіздер, жолдарыңыз ашық болсын.

Иә, жаңа жыл қарсаңында жол үстіндегі әр минутымыз мерекелік көңіл-күйге толы болсын деген ниетпен жабдықталған бұл ерекше электр пойызы жолаушыларды алдағы бірнеше күн бойы тасымалдамақ. Сырты да, іші де ерекше безендірілген вагондарда нағыз жаңа жылдық атмосфера орнаған.

Балалар да жол бойы тілектерін жазып, Аяз атаға хат жолдай алады. Міне, мен де, қалыспай жібееріп көрейін, кім, біледі, мүмкін менің де бір арманым орындалып қалар?!

Осындай жаңа жылдық пойыздардың тағы төртеуі іске қосылды. Бүгін кешке Астана-Алматы бағытында жолға шықпақ. Сондай-ақ мереке күндері ұлттық тасымалдаушы сұранысы көп бағыттарға тағы да вагондар қосылатынын айтты.

Мөлдір Молдағали, Ырыстанбек Оспанов, «24.KZ».