«Талибан» Қазақстанның қара тізімінен шығарылды

«Талибан қозғалысы» Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Өйткені БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес тәліптер террористік ұйым қатарына енгізілмеген. Сол халықаралық тәжірибе негізінде енді Қазақстанда да бұл қозғалыс қара тізімнен шығарылып отыр. Ал саяси байланыс БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қатысты болады, - деді ол.