Президент сұхбаты жарияланды

«Егемен Қазақстан» газетінде Мемлекет басшысының белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген сұхбаты жарияланды.

Онда еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалған.

Сондай-ақ Президент жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелерге тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, биыл Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді. Сонымен қатар, биыл Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. Бұдан бөлек, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынбақ. Президент ұлу жылында Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмысы аяқталатын жеткізді.