Жол сапасы – басты назарда

Қытаймен ортақ шекарамыздың болуы, Шығыс пен Батыстың арасындағы ұтымды жерде тұрғанымыз Қытай тауарларын түрлі бағытқа Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға зор мүмкіндік береді.

Былтьр Бейжіңде өткен  «Бір белдеу, бір жол» атты үшінші форум аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Соның ішінен Транскаспий халықаралық көлік дәлізін бірлесе дамыту жөніндегі келісімді және «Аягөз – Тачэн» бағытындағы теміржол құрылысы туралы меморандумды атап өтуге болады.

Бұл келісімдер еліміздің көлік-логистика саласына тың серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын толығымен қолдайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осылай деді. Жаңа жолдар салу, күтіп ұстау, ескілерін жөндеу қашанда күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі кезде автомобиль саны жедел өсуіне, ауыр жүк көтеретін, жоғары жылдамдықпен жүретін, жолаушылар тасымалдау, көліктер қатынасы ұлғая түсуіне байланысты жолдардың халықаралық стандарттарға сай болуы қажеттігі өмір өзі қойып отырған талап. Осы орайда студиямызға Жол активтері сапасының ұлттық орталығы сапаны бақылау департаментінің директоры Шалқар Қасымхановты студиямызға шақырдық.