Сарапшылар: Ұлттық тәлім-тәрбиеге мән беру керек

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын». Мемлекет басшысы кеше жарық көрген сұхбатында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев отбасындағы тұрмыстық құқықбұзушылықпен күрес тәсілдерінің қайта қаралғанын еске салды.

Мәжілісте аталған мәселеге қатысты заң жобасы дайындалып жатыр. Сарапшылар мұндай келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін ұлттық тәлім-тәрбиеге мән беру керек деп есептейді.

Қасымхан Бегманов, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- «Әйелдерге көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылық мәселесі өте қатаң жазалануға тиіс» деп айтқан сөзі халықтың көкейінен шықты деп есептеймін. Мұның ар жағында біздің ұлттық тәлім-тәрбиеміз жатыр. Әсіресе мына өскелең ұрпақтың мемлекетшілдігін арттыру, отаншылдығын арттыру, ол үшін қоғамдағы тәлім-тәрбие. Ол үшін біздің ата-бабаларымыздан қалған этногрофтар жазып жүрген, айтып жүрген күндегі, тұрмыстағы халқымыздың салт-дәстүріне байланысты, халқымыздың тарихына байланысты.