Көше тазалығы: әлеуметтік эксперимент

Барлығымыз таза әрі әдемі қалада өмір сүргіміз келеді. Коммуналдық қызметтердің де тиісті жұмыс істеуін талап етеміз. Алайда қоршаған ортаның тазалығын сақтау өзімізден басталады.

Бүгінгі әлеуметтік экспериментте адамдардың көзінше көшеге қоқыс тастап, олардың бұл әрекетке қаншалықты назар аударатынын білетін боламыз.

Әлеуметтік эксперимент шамамен 2 сағатқа созылды. Байқағанымыз, біздің осы әрекетімізге назар аударған жастар аз болды. Ал орта жастағы адамдардан сын-ескертпелер естідік, тіпті бізге жақындап, ұрысқандар да табылды. Байқағанымыз, қоғамда осындай заңбұзушылықтарға төзбестік сипаты қалыптасып келеді. Біздің экспериментіміз осымен тәмам. Ал мына қоқысты арнайы жәшікке саламыз.

Авторлары: Қуандық Танабас, Қанат Махмұтов.