Істеймін деген адамға Қонаевта жұмыс көп

Қонаевта жаңа жұмыс орындары ашылады. Өйткені қалада құрылыс қарқыны артып, жаңа кәсіпорындар салынып жатыр.

Сонымен бірге әлеуметтік нысандардың саны артады. Енді онда жұмыс істейтін мамандар керек. Былтыр 131 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Бұл қаладағы ірі өндіріс орны. Айдос Нұрлан екі жыл бұрын жас маман болып жұмысқа орналасты. Аз уақытта технологиялық қондырғыны меңгерді. Қызметі өсті. Қазір цехтың аға операторы болып жұмыс істейді.

Айдос Нұрлан, зауыт қызметкері:

- Қалай жұмыс жүргізу керектігін үйрендік. Қалай шығады, біздің Қазақстанда компаниялар қалай жұмыс істегенін көрдім. Ең бастысы сақ болу керек қой жұмысқа. Жалпы үйренсең оңай ғой. Ыңғайын тапсаң оңай болады ғой бәрі.

Еңбек етемін деген жанға жұмыс табылады. Әсіресе, жастарға мүмкіндік жеткілікті. Қала халқы өсті. Оқушылар саны артып келеді. Сондықтан мұғалімдер тапшы болып жатыр. Сонымен бірге әлеуметтік сала қызметкеркерлері жетіспейді.

Былтыр мыңнан астам уақытша жұмыс орны пайда болды. Биыл бұл көрсеткіш артуы мүмкін. Себебі қалада туризм мен кәсіпкерлік сала дамып келеді – дейді мамандар.

Айгүл Сатыбалдиева, қалалық мансап орталығының директоры:

- Жаңадан ашылып жатқан балабақшалар бар. Тәрбиешілерге көп сұраныс келеді. Ауылдық жерлерде дефектолог, логопед мамандық иелеріне көп сұраныс бар. Біздің өңір бойынша 2 мыңнан астам адам жұмыс сұрап келді. Соның ішінде 1465-і жұмысқа орналасты десек болады.

Бір жылда Қонаевта үш кәсіпорын салынды. Тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Жеке компаниялар жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартады. Әсіресе, инженер-технологтарға, құрылысшыларға, көлік жүргізушілеріне, сантехниктерге сұраныс артып отыр.   

Алмас Садуақас, Аятолла Дүйсембаев, «24.KZ», Қонаев.