Есірткі сатумен айналысқандарға сот үкімі шықты

Есірткі саудасымен айналысқан азаматтарға сот үкімі шықты.

Олар шекара арқылы тыйым салынған тауар түрлерін тасымалдап, әлеуметтік желілер арқылы сатқан. Қылмыстық топтың құрамында 7 адам бар. Оларға 3 жылдан 16 жылға дейін басбостандығынан айыру жазасы кесілді. Белгілі болғандай, қылмыскерлер есірткі өнімдерін АҚШ-тан алдырып отырған. Алғашында кезекті тапсырысты алу барасында алматылық азамат ұсталды. Одан 649 грамм кептірілген марихуана мен 676 грамм гашиш табылып, тәркіленді. Кейіннен тергеп тексеру нәтижесінде оның сыбайластары анықталған. Олардан 705 гр марихуана мен 1266 грамм гашиш есірткісі табылды.