Алматыда соққыға жығылған жүргізуші әйелден жауап алынды

Алматыда жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа дерек пайда болды.

Автобус тізгіндеген әйел жүргізушіден жәбірленуші ретінде жауап алынды. Тиісті сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша заңды-процессуалдық шешім қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр 22 желтоқсанда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Соның салдарынан үш адам қаза тауып, төрт тұрғын дене жарақатын алды. Бұған жолаушының жүргізушіні ауыр соққыға жығып, естен тандырғаны себеп.