Алатау қаласы төрт ауданға бөлінеді

Әрқайсының өзіндік даму бағыты бар.

Мәселен, бірінші аудан - Гейт сити инвестициялық аймаққа айналады. Ал Голден ауданында  ауыл шаруашылығы дамиды. Гровен деп аталған үшінші ауданда жаңа кәсіпорындар салынады. Грин сити  туристік аймаққа айналады.  Бұл жайлы Алатау қаласы бас жоспарының архитекторы Серсембек Жүнісов мәлімдеді. Айтуынша, күре жолдың бойында орналасқан жаңа шаһар болашақта экономикалық аймаққа айналады.

Сәрсембек Жүнісов, Алатау қаласы бас  жоспарының архитекторы:

- Қала атауы берілгеннен кейін біздің генплан бойынша жаңа қала 1,8 млн халық тұратын жаңа қала саламыз. Қазақстанда болмаған, бірінші рет жаңа қала жаңа жерде. Сондықтан бұл қала өте бақытты қала болады.