Семейде көктайғақтан жарақат алушылар саны артты

Семейдегі ауруханаларға көктайғақтан бір аптада 200-ге жуық адам түсті.

Жарақат алғандардың дені 45 пен 60 жас аралығындағы тұрғындар. Дәрігерлердің айтуынша, травматологиялық бөлім лық толған. Қазір 40 орынға есептелген стационарда 50-ге тарта адам ем алуда. Соңғы күндері өңірде ауа райы құбылып тұр. Кеше қар аралас жаңбыр жауды, бүгін сақылдаған сары аяз. Осыған орай Аягөз, Ақсуат, Көкпекті аудандарындағы мектептерде сабақ қашықтан оқу форматына ауыстырылды.   

Дәурен Дүйсенбаев, жедел медициналық жәрдем ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:

- Көбінесе жаңағы көшеден саты ағаштан түсіп бара жатқанда құладым деп келеді. Жаңағы аялдамада тұрып құлағандарын айтады. Көбінесе қолы, аяқтары, бел омыртқалары. Кеше 60 адам қабылдадық. Оның ішінде екі адам жатқызылды.