Астанада 2907 үлескер баспаналы болады

Биыл Астанада 2907 үлескер баспаналы болады.

Қалалық әкімдік мәліметінше қазіргі таңда үлескерлердің қаржысы құйылған 20 тұрғын үй салынып жатыр. Бұған дейін 2019-2023 жылдары аралығында елордада 120 проблемалық кешеннің құрылысы аяқталған. Яғни 2019 жылы 13 үй, 2020-да 2020, 2021 жылы 57, 2022 жылы 30 үй пайдалануға берілсе, былтыр 12 баспана ел игілігіне тапсырылды. Нәтижесінде осы уақыт аралығында 14 мыңға жуық үлескердің мәселесі шешілді.

2019 жылы — 13 үй

2020 жылы —20 үй

2021 жылы — 57 үй

2022 жылы — 30 үй

2023 жылы — 12 үй