Таразда жүргізушіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Таразда жүргізушіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Тараз қаласының тұрғыны бір айда 54 рет жол ережесін бұзған.

Жылдамдықты шамадан тыс арттырған автокөлік жүргізушісіне 2 жарым миллион теңге айыппұл салынды. Полицейлер жалған нөмірмен жүргендігі үшін 31 жастағы жүргізушіге тағы 27 мың теңге айыппұл салды. Мамандар бір аптадан кешіктірмей төлем жасалса, әкімшілік хаттамада көрсетілгендей жеңілдікпен өтеуіне болатынын ескертеді. Қазір бақылау бейнекамераларына ең көп іліккен автокөлік айып тұрағына қойылды.

Николай Сон, Жамбыл облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары

- Былтыр шамамен 700 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 10 миллиард теңге айыппұл салынды. Көбіне автокөлік жүргізушілері жылдамдықты шамадан тыс арттырып, көлік тізгінінде телефон қолданады. Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқаруына отырады. Белгіленбеген жерге тоқтап, автокөлікті арнайы орындарға қоймаған. Ал биыл 169 миллион теңгеге 19 мың хаттама толтырылды.