Бәсекелестікке қарсы келісім

«Қазақтелеком» компаниясы бәсекелестікке қарсы келісім жасады деп айыпталды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ол «Битиком» компаниясымен келісімге отырған. Құжатқа сәйкес «Битиком» тек «Қазақтелекомнан» қызмет алуға және өзге операторларға желілерді бермеуге міндеттелген. Тиісті ведомство қос компаниядан келісімде дау тудырған шартарды алып тастауды талап етті.

Жанар Әшім – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі астана қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы:

- Келісім шарттарының бірінде тек «Қазақтелеком» АҚ-нан телекоммуникация қызметтерін алудың эксклюзивтілігін қамтамасыз ету болған. Атап айтқанда, үшінші тарап байланыс операторларының қызметтерін ұсыну үшін салынған желілер мен телефон желілерін пайдаланбау, сондай-ақ шартты мәмілені өзге байланыс операторларымен жасаспау/бұзбау. Осыған байланысты департамент «Қазақтелеком» АҚ атына ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарды. Өз кезегінде «Қазақтелеком» департаменттің хабарламасын орындады.