Шымкентте жол құрылысына қатысты 272 кемшілік анықталды

Сапаны бақылаушы мекеме қызметкерлері асфальт төсеу технологиясы орташа жөндеу нысандарында жиі бұзылғанын айтады.

Яғни 78 құрылыс алаңында жол жабындысының тығыздығы сақталмаған. Соның салдарынан бір жауыннан соң көшенің ойық-шұңқыры көбейіп, жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын туғызған болатын. Тексерістен соң көшелерге қайта асфальт төселіп, жауапсыз мердігерлердің кепілдік мерзімі ұзартылды. Осыған қатысты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» қызметкерлерінің нұсқамасын орындамаған 13 мердігер мен 10 техникалық қадағалаушы компанияға жалпы сомасы 26 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Сонымен қатар жол құрылысына қажетті қоспаның сапасын төмендеткен 10 бірдей асфальт зауыты анықталды.

Айта кетейік, былтыр қаладағы көшелерді қалыпқа келтіру үшін бюджеттен 42 миллиард теңге бөлінген болатын. 

Мұхтар Дүйсембеков, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК қалалық филиалының директоры:

- Қадағалаушыға байланысты айта кететін жағдай олар входной контроль деген болады жол құрылысына әкелініп жатқан материалдардың бәрі өздерінің тарапынан тексеру керек. Бірақ өкінішке қарай бұл жұмыстар да жоқ есебі. Бұл да жаңағы 78 нысандағы нығыздау койфицентінің сәйкес келмеуіне әсер етеді.