ТЖД: Астанада жер сілкінісі болған жоқ

Бүгін түн ортасынан бастап елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлары басқармасына қала тұрғындарынан жер сілкінісі сұрақтары бойынша 30-дан астам қоңырау келіп түскен.

Бұл өтініштер бойынша тиісті мекенжайларға бірден жедел-құтқару бөлімшелері жіберілді. Олар ғимараттар мен құрылыстарға көзбен шолып тексеру жүргізген. Нәтижесінде жер сілкінісі расталмады және зардап шеккендер жоқ.

Астанада тек Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде болған жер сілкінісінің салдары болды, - дейді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Қазір жедел штаб ашылып, барлық сұрақты мамандар 24-51-47 және 24-51-71 телефондары бойынша жедел қабылдап жатыр.