Түркістанда ТЖ кезіндегі эвакуациялық оқу-жаттығуы өтті

Түркістандағы ойын-сауық кешенінен 3 адам құтқарылды.

Бүгін шаһарда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару қызметінің қатысуымен жер сілкінісі және өрт кезіндегі эвакуациялық оқу-жаттығуын өткізді.

Оқиға орнына 5 минутта жеткен құтқарушылар іште қалып қойған 80 адамды эвакуациялады. Зардап шеккен 3 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Тілсіз жауды сөндіруге 42 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Мамандар қала тұрғындары мен ойын-сауық кешенінің қызметкерлеріне табиғи және техногенді апат кезінде қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. Осылайша,  жеке құрамның тактикалық дайындығы пысықталды.

Сержан Сәрсенбаев, қала тұрғыны:

- Кино театрға келген уақытта өрт дабылы қағылып, бәрімізді сыртқа шығарды. Сыртқа шықсақ кезекті өрт бойынша оқу-жаттығуы болып жатыр екен. Осы жаттығудан алған әсерім, бұндай жаттығудың болып тұрғаны дұрыс екен. Өйткені бұл үйреншікті жағдай болмағандықтан халықтың дайын емес екенін, сол кемшіліктерімізді түзеп, білмейтінімізді үйрендік.

Қайрат Әлиханов, облыстық ТЖД авариялық-құтқару қызметі басшысының орынбасары:

- 103,101,102, 104,105 қызметкерлерімен бірлескен түрде қызмет атқардық. Электр жүйесін, су, газ жүйелерін өшіріп, сондай бір іс-шара атқардық. Зардап шеккендерге бізде Түркістан қаласында 34 мектеп қарастырылған. Шамамен ол жер 2 мың адамды қамтиды. Тамақ, төсек-орнымен қамтылған.