Талғар таулары туристер мекеніне айналады

Былтыр «Ойқарағай» тау шаңғы кешенінде 80 мың адам тынығып қайтты.

Енді демалыс аймағына келушілер санын 200 мың адамға жеткізу міндеті тұр. Бұл мақсатта Алатау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтеріне қарасты 60-қа жуық жер учаскесі туристік кластерге айналады. Осылайша аудандық маңызға ие жолдар жөнделіп, электр желілері жаңғыртылады. Туризмді дамыту жобасы аясында мың жарымдай жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Таңат Айдарбеков, Талғар ауданының әкімі:

- Өткен жылы 100 шақырымнан астам жол жасадық. Соның өзінде де жолдың жақсаруы 5% көтеріліп отыр. Электр жабдықтау бойынша да сондай проблемалар бар. 20 жаңа трансформатор аламыз жаңа сапада. Көп трансформатрларды ауыстырамыз.