Электр энергиясы тапшылығын шешу

Электр энергиясының тапшылығы қос бүйірден қысып барады.

Қазір дефицитті көрші мемлекеттердің қымбат қуатымен жауып отырмыз. «Ашық тариф» қауымдастығының сарапшылары осылай деп дабыл қақты. Олардың айтуынша, зейнетақы қорындағы қаржыны энергетика саласына құюға болады. Осышайша, электр станцияларын жаңғыртып ғана қоймай, тарифті осы күйінде сақтап қаламыз. Ал инвестиция ретінде бөлінген қаржыны ұзақмерзімде еселеп қайтаруға мүмкіндік бар дейді сарапшы. Айта кетейік, елдегі электр қуатының тапшылығы шамамен 1,5 мың мегаватқа жетті. Тұтыну көлемі де артып барады. 2029 жылға қарай ол 20 пайызға көбеюі мүмкін.

Пётр Своик, «Ашық тариф» қауымдастығының төрағасы:

- Мәселенің шешімін жіктеп-жіліктеп ұсындық. Қазір ұлттық қорда жиналған қаржы өзге мемлекеттердің бағалы қағаздарымен сақтаулы тұр. Демек, шетел экономикасына жұмыс істеп жатыр. Оны ел экономикасына құюға болар еді. Одан бөлек, зейнатақы қоры бар. Осы қаржыны инвестиция есебінде салып, саладағы  түйіткілдерді тарқата аламыз. Оған қоса салымшылардың жинағы да еселеп артар еді.