СҚО-да көлдерді оттегімен байыту науқаны басталды

СҚО-да көлдерді оттегімен байыту науқаны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында көлдерді оттегімен байыту науқаны басталды.

Мамандардың айтуынша, қалың қар мен мұздың кесірінен балықтарға ауа жетпей қырылып қалуы мүмкін. Әсіресе, таяз су қоймаларындағы жағдай алаңдатарлық. Сондықтан онда  аэрация жұмыстары жүргізіледі.

Бұл құрал судың құрамындағы оттегі мөлшерін көрсетеді. Мманадар биылғы қыста балықтардың қырылу қаупі барын жасырмайды. Өйткені, көлдің бетіндегі мұздың қалыңдығы бір метрге жетті. Оның үстіне қар да қалың.     

Константин Чепурной, көлді жалға алушы:

- Биыл көл бір еріп, бір қатып, екі қабат мұз қалыптасты. Ал қыс әлі біткен жоқ. Бұл балықтар үшін қолайсыз жағдай.

Сондықтан көлдерде аэрация жасалады. Биыл балықшылар оттегі қорын байытудың тың технологиясын сынап көрді. Мына электр қондырғысы күндіз – түні жұмыс істеп, суды салқындатпай ауа жібереді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Ал бұл – көлді ауамен байытудың ескі тәсілі. Есі болса да, әлі күнге дейін тиімді. Балықшылар мұзды осылай ойып, ішіне қамысты тығып қояды. Ол арқылы ауа өтеді.

Қазір балықшылар үшін нағыз қарбалас басталды. Аэрация ақпан, наурыз айларында тоқтаусыз жүргізіледі. «Өйткені, мұз астындағы ауа дәл осы кезде азайып кетеді», - дейді мамандар.  

Амангелді Қажығалиев, балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- Көлдерде су тартылып бара жатыр. Енді биылғы жылы қар мол. Мұз қалың. Енді балықтың қаралуы мүмкін. Сол үшін осындай іс – шаралар жүргізіліп жатыр. Аэрация.

Солтүстік Қазақстан облысында 330 көл жалға берілген. Қардың көптігі балықшыларға жақсы. «Тартылып жатқан су айдындары көктемде еріген қар суымен толады», - дейді олар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков