Атырау облысының білім саласында кадр тапшы

Атырау облысында бір ғана желтоқсан айында 9 балабақша пайдалануға берілді.

Алайда мектепке дейінгі мекеме көбейгенімен, кадр тапшылығы жойылмай тұр. «Бір тәрбиешіге 20-25 баладан келеді. Әр бүлдіршінмен жеке жұмыс істеу қиын», - дейді мамандар. Атырауда өткен мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің бірінші республикалық слетінде осы және өзге де мәселелер айтылды. Слетке еліміздегі балабақша мамандарын дайындайтын оқу орындарынан 500-ге тарта өкіл қатысты. Онлайн форматта ұйымдастырылған шарада мектепке дейінгі тәрибе деңгейін көтеру және балабақша тәрбиешілернің әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы мәселелер талқыланды. Әсіресе, салаға білікті жастарды тұрақтандыру кезек күттірмейтін іс екені айтылды.

Саламат Ідірісов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры:

- Біздің мақсатымыз осы сала бойынша болашақ мектеп бітіруші түлектерді болашақ мамандарды қызықтырып, оларды тарту мәселесі  өте өзекті. Материалдық жағдай міндетті түрде. Себебі, ұстаздарға, мектеп мұғалімдеріне жақсы жағдай жасалған, енді осы балабақша тәрбиешілері онда жұмыс істейтін басқа да қызметкерлердің жалақсысын көтеруге байланысты мәселелер бар.