Семейдегі өрт төрт мың шаршы метр жерді шарпыды

Семейдегі сауда орнында шыққан өрт 4 мың шаршы метр аумақты шарпыды.

Төтенше жағдайлар мамандары таңғы сағат 03:00-ден бері қызыл жалынмен күресуде. Оқиға орнында төрт жүзге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 300-ге жуық полицей жұмылдырылды. Келтірілген шығын көлемі өрт сөнген соң белгілі болады. Қазір зардап шеккен кәсіпкерлерден жазбаша өтініш қабылдау басталды.

Азамат Орынбаев, Абай облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Киім-кешек, өрт қаупі көп. Жиналған материалдар бар. Соған байланысты өрт жылдам тарап кетіп жатыр. Сондықтан өрт сөндіруде қиындықтар болып жатыр. Жалпы қазіргі таңда 349 адам, 47 арнайы техника жұмылдырылды.