СҚО-да интернет алаяқтық азаймай тұр

Солтүстік Қазақстан облысында әрбір төртінші қылмыс интернет арқылы жасалады.

Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. Былтыр аймақ тұрғындары алаяқтарға 920 миллион теңгеге алданып қалған. Жедел әрекет ету амалдарының арқасында жәбірленушілерге 37 миллион теңге қайтарылды. Оңай жолмен олжа табатындарды көп жағдайда ұстау мүмкін емес. Ал басқа қылмыстары ашу көрсеткіші едәуір артқан.   

Мәдина Ерғалиева, ПД баспасөз хатшысы:

- Қоғамдық орындағы қылмыстар саны 13,6 пайызға, көшедегі қылмыс 12, 9 пайызға, мас күйінде 19 пайызға, отбасылық тұрмыстық қылмыс 11,3 пайызға қысқарды. Полиция қызметінің маңызды бағыты – нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Өткен жылы 281 есірткі құқық бұзушылық анықталды.