БҚО-да мал іздеуге шыққан екі адам жоғалып кетті

Батыс Қазақстан облысында боран соғып, мал іздеуге шыққан екі адам жоғалып кетті.

Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде Бәйтерек ауданында қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылған. Қазір ауа райының күрт бұзылуына байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылған. Облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдардағы 16 учаскеде қозғалыс шектелді. Синоптиктердің айтуынша, желдің екпіні секундына 28 метр. Құтқарушылар алыс сапарға шықпау керегін ескертеді.

Нұралы Мұсиев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:

- Түнде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал іздеуге кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. Ақжайық және Сырым ауданында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өңір тұрғындарынан үйде болуын сұраймыз.