Ақтау әуежайынан есірткі жұтып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Ақтаудағы халықаралық әуежайдан 2 шетелдік азамат есірткі жұтып өтпек болған, деп хабарлайды 24KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстағы департамент қызметкерлері мен шекарашылар оларды ұстады. Рентгеноскопиялық тексеріс кезінде шетелдіктердің іш қуысында 300-ге жуық есірткі орамы жатқаны анықталған. Фигуранттар қамауға алынды. Олардан 2 келіден астам еліткіш зат тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.