Павлодар облысында есірткіге қарсы Telegram-бот іске қосылды

Павлодар облысында «Көлеңкелі батыр» Telegram-боты іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ.

Жобаны облыс прокуратурасының бастамасымен Полиция департаменті қолға алған. Бұл есірткі мен нашақорлықтың таралуына қарсы қоғам болып күресудің тиімді құралына айналуы тиіс. Себебі есірткі қылмысы туралы құық қорғау органдарын кез келген адам хабардар ете алады. Ал ақпарат берген кісінің кім екені құпия сақталады.

Айта кету керек, Павлодар облысында 2023 жылы 194 есірткі қылмысы тіркеліпті. Заңсыз айналымнан 424 келіден астам есірткі заты алынған. Жыл басынан бері осы тектес 16 қылмыс жасалды. 

Рүстем Есенов, Павлодар облысы прокуратурасының басқарма бастығы:

- Осы Telegram-бот арқылы адамдар біздің облыс аумағында жасалып жатқан есірткі қылмыстары туралы ақпараттар бере алады. Яғни, бұл есірткі заттарды пайдаланатын притондар жайлы, сонымен қатар есірткі заттар жасырылған жерлер, сататын тұлғалар туралы және тағы басқа ақпараттарды бере алады. Алынған ақпараттар Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен тез арада тексеріліп, кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қолданылатын болады.