Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасының жолы кесілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ақпанның 6-сы күні Алматы маңындағы жеке үйде есірткіні дайындап жатқан ер азаматтың үстінен түсті.

Жасырын зертхананы ұйымдастырушы 1995 жылғы Қазақстан азаматы болып шыққан. Тінту кезінде 8 келіден астам мефедрон мен оны әзірлеуге қолданылатын құрылғы тәркіленді. Синтетикалық есірткінің «қара» нарықтағы құны шамамен 150 млн теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.