Қазақстан "орта державалар" тізіміне енді

Қазақстан тарихта тұңғыш рет "орта державалар" тізіміне енді.

Зерттеуді "Ғылым және саясат қоры" деп аталатын Германияның беделді ғылыми-сараптамалық орталығы жариялады. Бұл тізімде әлемдік саяси және экономикалық ареналарда үлкен маңызға ие елдер бар. Сарапшылардың пікірінше, "Қазақстанды олардың қатарына қосуға еліміздің сыртқы саясаты әсер еткен. Қазақстан Батыс елдері мен Қытай арасындағы экономикалық қатынасын қарқынды дамытып келеді. Геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы да маңызды сыртқы байланыстардың кең спектрін құруға көмектеседі", - дейді мамандар.

Айта кетейін, осы деңгейдегі мемлекеттер енді аймақтық қақтығыстарды реттеу кезінде дипломат рөлін атқара алады. Мұндай тізімге тағы Түркия, Израиль, Үндістан мен Сауд Арабиясы енген.