Ақпан ақырып тұр

Арқада аяз ақырып тұр. Оның үстіне сырма жүріп тұр.

Астананың өз басында дәл қазір 32 градус аяз. Түнде Қарағанды облысында күн райы 36 градусқа дейін суытса, Ұлытауда 35 градусты көрсетті. Ал оңтүстік өңірлер Жетісу, Алматы облыстарына қалың қар түсіп, таулы аймақтарда боран соғуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Қазір өзге де бірқатар өңірде аяз тұр. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел көтеріліп, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе жағында бұрқасын соғады. Сондықтан мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеді.