Алматы облысында балаларға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл жөнінде облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бөтен үйге баса-көктеп кіріп, 4 баланы байлап тастап, ұрып-соққан күдіктіні арнайы жасақ Қарасай ауданында қол түсірген. Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.