Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірде тас жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыстағы республикалық маңызға ие 9 тас жолда көлік қозғалысы шектелді.

Атап айтқанда Абай облысында «Омбы-Майқапшағай» учаскесі барлық көлік түрі үшін жабық. «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының Жамбыл және Алматы облысындағы, «Жезқазған-Петропавл» учаскесінің Ұлытау мен Қостанай өңіріндегі жол бөлігінде көлік қозғалысы шектелді. Сонымен қатар, Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық» жолы да жабылды. Ал Алматы өңірінде «Алма-Тау» туристік базасына апарар жолда жүк және қоғамдық көліктердің қатынауына уақытша тыйым салынды. Тас жолдарды қардан тазартуға 287 бірлік техника мен 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар қазақстандықтарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.