Екі аптада 8 мыңнан астам жол ережесі бұзылған

Атырауда екі аптада 8 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Көбі шетелдік нөмермен жүрген көлік жүргізушілері,  дейді тәртіп сақшылары.

290 жүргізуші мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін, заңды түрде тіркелмеген темір тұлпарларды тізгіндеген. Рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікпен жүрген 57 адамға әкімшілік шара қолданылды.

Өңірде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оған патрульдік полиция ротасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмылдырылды. Рейдтік шара барысында шетелдерден құжатсыз келген автокөліктер анықталды.