Мүлкі өртенген кәсіпкер жауапкершілікке тартылады

Енді өрт қауіпсіздігін бұзған адамдарға әкімшлік жауапкершілік күшейеді.

Сондай-ақ өрт-қауіпсіздігін сақтамайтын бизнес-объектілер жабылады. Тиісті түзетулер Парламент Сенатында қаралып жатыр.

Бұл туралы өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев мәлімдеді.

Сондай-ақ бизнесті тексеруге мораторий биыл аяқталды. Бұл ретте кәсіпкерлерді тексеру тек екінші жартыжылдықтан басталады.

Марғұлан Аманбаев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:

- Ол – біріншіден, өрт қауіпсіздігін бұзған адамға айыппұл санын өсіруге, қазіргі кезде 10-нан 50-ге дейін болатын болса, үлкен кәсіпкерлерге 150-ден 30 АЕК ға дейін көрсету.  Екінші, төтенше жағдай тексеріс барысында жаңағы нысандарда заң бұзушылық табылатын болса оған біз бұрын ескерту беретінбіз қазіргі кезде 60 күнге дейін тоқтату қаратылып отыр.