Шетел азаматы 98 мың еуроны заңсыз алып өтпек болған

Шетел азаматы 98 мың еуроны заңсыз алып өтпек болған

АҚШ азаматы Астанадан 98 мың еуродан астам ақшаны заңсыз алып кетпек болған.

2024 жылдың 19 ақпанында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінде Астана-Стамбул халықаралық рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде жалпы сомасы 98 000 еуро болатын қаражатты заңсыз экспорттамақ болған Италия азаматы ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық жауапкершілік мәселесін қарау үшін іс материалдары Астана қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Астана қаласы бойынша МКД Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 10 000 доллардан асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған. Мұндай жағдайда заң бұзғаны үшін жоғарыда аталған нормадан асқан соманы көлеміне қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.